Гүлжан АБСАТОВА, №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері:
– Әлем елдерінің індетпен алысып жатқанына бір жылдан асты. «COVID – 19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады. Бұл дертпен күресу оңай емес, бүгінде әлем бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал сөзімізге дәлел.
Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында көп тер төкті. Нәтиже қуанарлық. Мамандар азаматтарға коронавирус індетінің алдын-алуға мүмкіндік беретін препараттар ұсынып отыр.
Осы жылдың ақпан айынан бастап, елімізде жаппай вакцинация шаралары басталды. Ендігі кезекте, әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық. Сонымен қатар, қарапайым сақтық шараларын ұстанайық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!