Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Партия филиалында – жаңа төраға

07.07.2021, 10:30 411

HALYQLINE.KZ «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.

Конференцияға Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, аудандық партия филиалы қызметкерлері қатысты.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар конференцияға онлайн түрде қатысты.

Конференция күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасы болып сайланып, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына енгізілді.

Сонымен қатар, конференцияның күн тәртібінде ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында «Nur Otan» партиясынан үміткерлерге дауыс беріліп, кандидатуралары аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы алдағы сайлауда 2 ауылдық округ бойынша өз үміткерлерін ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: