Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантин күшейтіледі

25.06.2021, 11:40 417

HALYQLINE.KZ

Отбасылық, бұқаралық іс-шараларды, үйлену тойын, мерейтойлар өткізуге және қатысуға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қаулыға сай боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрларға, бильярд, караоке, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге баруға шектеу енгізілді. Демалыс күндері кафе, мейрамханалар жабық болады. Тек жазғы алаңдар ашық. Сауда-ойын сауық орталықтары да сенбі, жексенбіде жабылады.

Ал, аптаның жұмыс күндері кешкі 17:00-ге дейін істейді. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналының кемінде 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жібереді. Қызметкерлер COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған жағдайда аталмыш нысандар бұл талаптарды ескермей, жұмысын жүзеге асырады.

Коронавирусқа қарсы екпенің толық курсын алған және вируспен ауырып жазылған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат. ЖОО мен колледж студенттерінің бітіру емтихандары қашықтан өтеді.

Қоғамдық көліктер жексенбіде тоқтайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: