HALYQLINE.KZ 2020 жылы жазғы Токио олимпиадасы коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылып, жарыс 23 шілде мен 8 тамыз аралығында көрермендерсіз өтеді. Қазақстан құрамасында 9 боксшы өнер көрсетеді. Атап айтсақ, 8 ер және 1 әйел адам қатысады. Токиода жалпы 186 ер мен 100 әйел жұдырықтасады. Барлығы 286 боксшы жүлдеге таласады.
Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 202 мемлекетінен 11 000 спортшы қатысып, 33 спорт түрінен 339 медаль сарапқа салынады.
Қазақстан ерлер құрамасы:
52 кг, Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы);
57 кг, Серік Теміржанов (Павлодар облысы);
63 кг, Закир Сафиуллин (Шымкент қаласы);
69 кг, Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы);
75 кг, Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы);
81 кг, Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы);
91 кг, Василий Левит (Нұр-Сұлтан қаласы);
+91 кг жоғары, Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).
Айбек МҰХАНОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!