Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бес дәрі

13.06.2021, 9:00 953

HALYQLINE.KZ

Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:

– «Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін», – дейді уәзір.

Падишах «қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:

– «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!» – депті.

Сонда Уәзір:

«Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.

Екінші дәрім – тағдырға ризашылық. «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағымданбаймын.

Үшінші дәрім – сабыр.

Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.

Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, – деп бес дәріні айтып, падишахты аң-таң қалдырған екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: