Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мемлекеттік рәміздеріміз – қазақ елінің өзіндік өмір салтын айқындайтын құнды құжат»

04.06.2021, 10:45 664

Құрметті жерлестер!

Сіздерді егемен елдіктің, еркіндік пен бейбітшіліктің белгісіндей болған Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтары мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Кемел келешекке керуен түзеп, болашаққа батыл қадам жасаған Отанымыздың 30 жылдық ғұмырнамасында дамуы бен демократиялық құндылықтарының қалыптасуы қатар жүріп, мемлекеттік рәміздеріміз тұғырына нық орнап, мәртебесі артты. Елбасының тарихи бастамасымен, Мемлекет басшысының тың идеясымен елімізде жүзеге асып жатқан реформа – мемлекетіміздің іргетасын нықтай отырып, жыл санап әлемдік қауымдастықтар алдында беделін нығайтумен қатар танымалдығының артуына негіз болды. Теңдіктің тірегі, елдің жүрегі болған рәміздеріміз әрбір қазақстандықтың мақтаны, ардақтап, қастер тұтар құндылығына айналды.

Мемлекеттік рәміздеріміз – қазақ елінің өзіндік өмір салтын, тарихы мен тағдырын, болмысындағы ерекшелігін, ұлы мақсатқа ұмтылысын, өзгелермен қарым-қатынас орнатудағы бейбіт мұратын айқын бейнелейтін құнды құжаты.

Қадірлі қызылордалықтар!

Баршамыз үшін маңызды мемлекеттік мерекеде елімізге тыныштық, бейбіт өмір, әр отбасыға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, игі бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Бекем бірлігіміз мен тату тірлігіміздің арқасында еліміз гүлденіп, өркендеп, жайнай бергей. Әнұранымыз әуелеп, туымыз желбіреп, елтаңбамыз егемен елімізбен бірге мәңгі жасасын!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Ғ.Қазантаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: