Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

КВИ симптомының 18 жаңа ошағы анықталды

13.05.2021, 10:00 436

HALYQLINE.KZ

Жаһандық дерт таралып, ел саулық үшін сақтыққа көшкелі індеттің беті қайтқаны байқалады. Өткен жылғыдай дәріханалардағы медициналық препараттар жеткіліксіздігі мен аурухана төсегінің жетіспеушілігі жоқ. Оған да шүкір. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бүгінгі мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны 6145 болса, қайтыс болғандар – 16.

Күнделікті жүргізіліп отырған талдау ақпаратына сәйкес 12 мамыр күні коронавирус инфекциясымен 30 жағдай тіркелген. Оның 12-сі – симптомды, 18-і – симптомсыз жағдайлар. Науқастардың 10-ы инфекциялық стационарда, 20-сы үй жағдайында бақылауға алынды. Айта кетерлігі, облыс «жасыл аймаққа» енгенімен, бұл карантин талаптарын сақтамау дегенді білдірмейді. Өйткені әлі де аурудың жаңа ошақтары пайда болуда. Мәселен, соңғы тәулікте КВИ симптомының 18 жаңа ошағы анықталған. Сондай-ақ, дерттен жазылып шыққандар да жоқ емес. Дәрігерлердің мұқияттылығы мен науқастардың санитарлық талаптарды сақтауының нәтижесінде пандемия басталғалы 5 мыңнан астам адам жазылып шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: