HALYQLINE.KZ Жаһанның ең ұлы және ең «біртүрлі» боксшыларының бірі – Майк Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алуымен ғана атақты емес. Бокс жанкүйелері оныңатақты соққыларын, спортшының басқа да рекордтарын біледі.
Қарапайым ғана бозбала Майк Тайсон 1986 жылы 20 жасында әлем чемпионы атанды, сөйтіп чемпиондық белбеу алуда өзіндік жас рекордын орнатты. Ұзаққа созуға қажеті жоқ десе керек, ол 21 жасында аса ауыр салмақта чемпион атанды. Кейіннен оны 17 жасында WBA нұсқасының чемпиондық атағын алған Уилфред Бенитез басып озғанымен, Тайсонның мақтанатын басқа да ерліктері бар.
Мысалы, 1982 жылы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы шайқасында оның қарсыласы 8 секундта нокдаунға кеткен. Кейіннен осындай жылдамдығы Тайсонға тағы бір рекорд орнатуға мүмкіндік берді: 1988 жылы ол Майкл Спинксті нокаутқа жіберген 91 секундтың ішінде 20 миллион доллар табыс тапты!
Айта кететін тағы бір қызық бар. Тайсоннан жеңілетінін алдын ала білген оның қарсыластары да өз жеңілістерінен пайда табуға тырысқан. Мысалы, 2000 жылы Майктың Манчестерде Джулиус Френсиспен өткізген жекпе-жегінде, ағылшынның «Daily Mirror» газеті атақты боксшының қарсыласының табанына жарнама орналастыру үшін де ақша төлеген көрінеді. Газет басшылығы Джулис нокдаунға кеткен кезде, оның аяқ киімінің табаны фотографтар мен операторлардың объективтеріне міндетті түрде түседі деп есептеген.
Френсистің бірінші раундта екі рет, екінші раунда үш рет құлағанын, ал кездесудің барысын дүние жүзі тамашалағанын ескерсек, жарнамаға кеткен шығын өзін-өзін ақтады деуге болады!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!