Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шылым шегетіндерге ковидтің кері әсері көп

10.04.2021, 12:00 506

HALYQLINE.KZ Шылымды көп шегетін адамдарда коронавирустан қайтыс болу қаупі 90%-ға артады. Бұл туралы Сеченов университеті пульмонология кафедрасының меңгерушісі, Ресей ДСМ штаттан тыс бас пульмонологы Сергей Авдеев айтты, деп хабарлады «Известия».

Маманның айтуынша, темекіні жиі шегетін адамдар COVID-19 жұқтырған жағдайда, ауру ағымы жеңіл өтеді деген жалған ақпарат. Бұндай қорытындыны Франция мамандары жасаған және ол тек бір зерттеуге ғана негізделген. Алайда ол расталмаған.

– Қазір дәлелдемелі медицина арқылы алынған деректерге сүйенсек, шылым шегу – COVID-19 жұқтырған науқас үшін жағымсыз ықпал етіп, өлім қаупін арттырады, – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: