Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы билігі қыз-келіншектерді құттықтады

09.03.2021, 10:45 446

HALYQLINE.KZ Кеше Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.Омаров 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әйел-аналармен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Кездесуге түрлі салада қызмет атқарып жүрген арулар қатысты.

– «Халқымызда «Алып анадан туады» деген нақыл сөз бар. Бұл халқымыздың ананы құрметтейтінін білдіреді. Ғасырлар бойы қазақ әйелдері келер ұрпаққа бабалар даналығын жеткізіп отырды, адами қасиеттер мен адамгершілік ұғымын бойына сіңірді. Отанға деген махаббатты, үлкенге құрмет, кішіге ізетті үйретті.

Әйел аналарымыз отбасының ұйытқысы бола білді, инабаттылық символына айналды. Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Аудан көлемінде жеткен жетістіктерімізге нәзікжанды аруларымыздың қосқан үлесі бар.

Қармақшы өңірінің әйелдер қауымы да түрлі салаларда қызмет атқарып келеді. Ауданымыздың бүкіл тыныс-тіршілігінің басы-қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, әлеуметтік-экономикалық дамуында ерекше үлес қосып келесіздер. Сіздердің ел дамуы жолындағы қосқан еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіремін», – деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.Омаров.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәлетов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева сөз сөйлеп, мерекелік ізгі лебіздерін жеткізді.

Мерекелік қабылдауды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.Омаров қорытындылап, әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген сала үздіктеріне алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: