Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бизнес ашу шығындары азаяды

15.01.2021, 11:20 704

HALYQLINE.KZ Қазақстанда бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды төмендетуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Тағы бір мақсат – бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Жаңа экономикалық саясатқа негізделген кәсіпкерлікті қолдаудың тетігін әзірлеу қажеттігі бар. Саладағы реттеу іс-шараларын жаңа қадамдардан бастауға тапсырма берген едім, бұл өз кезегіне бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды айтарлықтай төмендетеді, — деді Президент.

Мемлекет басшысы 2020 жылдың соңында тиісті Жарлыққа қол қойғанын еске салды.

— Оған сәйкес, Үкімет маңызды заң жобасын даярлап жатыр. Құжат 2021 жылдың маусым айында Мәжілістің қарауына енгізіледі. Осы орайда кәсіпкерлер ұсыныстары мен қоғамдық мүддені ескере отырып, аталған заң жобасын депутаттардың жан-жақты қарауын сұраймын, — деді Қ.Тоқаев.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: