Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Билл ұсынған 5 кітап

17.12.2020, 9:00 493

HALYQLINE.KZ  Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс кітап оқығанды жаны сүйеді. Әсіресе оқу мен технологияға деген махаббаты әсерінен, Гейтc бос уақытын ғылыми кітаптарға көбірек арнайды. Тек оқып ғана қоймай, жыл сайын өзініе ұнаған үздік кітаптар тізімін ұсынады.

«2020 жыл ауыр жыл болды. Биыл мен «қаралардың да өмірі маңызды» (Black Lives Matter) қозғалысын, әділетсіздік сияқты қиын тақырыптарды зерттегім келді. Кейде  жеңіл кітаптарды да оқыдым. Нәтижесінде, биыл көптеген қызық кітап оқыдым. 2020 жыл аяқталып жатқанда сіздерге ең қызық бес кітапты ұсынамын. Жылды жақсы көңіл-күймен аяқтайсыз деп үміттемін», – деп жазды ол.

Гейтстің 2020 жылдың жазында оқуға ұсынған кітаптар тізімі:

  1. Жаңа Джим Кроу: Соқырлық дәуіріндегі жаппай тұтқындау, Мишель Александр. (The New Jim Crow: Mass Incarceration in the Age of Colorblindness, by Michelle Alexander)

Кітапта қылмыс әлемінде қара нәсілділер ерекше қудалауға ұшырайтыны, әділетсіздікке тап болатыны айтылған. Жалпы, кітап түрмелердің тарихын өте жақсы түсіндіреді.

«Бұл кітапты оқу арқылы мен үкім шығаруда әділетті көзқарас қаншалықты қажет екенін және түрлі түсті қоғамда адамдарды алаламауға, олардың мүддесін қорғауға көбірек инвестиция салу керек екенін түсіндім», – дейді Гейтс.

  1. Диапазон: Универсалдар неге мамандандырылған әлемде жеңіске жетеді? Дэвид Эпнштейн. (Range: Why Generalists Triumph in a Specialized World, by David Epstein)

Кітап бүгінгі жылдам дамып жатқан қоғамда «кең дүниетанымды, тәжірибесі және әртүрлі салалардағы түсінігі бар» адамдар туралы баяндайды.

Онда кәсіби теннисші Роджер Федерерден бастап қырғи қабақ соғыс кезіндегі сарапшыларға дейінгі мысалдар бар.

«Кітап Microsoft корпорациясының кейбір жетістіктерін түсіндіруге көмектеседі. Себебі біз өз саласында және басқа да салаларда нақты білімі бар адамдарды жалдайтынбыз. Егер сіз кең ауқымды маман болсаңыз және сіз өзіңізді тар ойлайтын әріптестердің көлеңкесінде қалғандай сезінсеңіз, кітап сізге арналған», – дейді Гейтс.

  1. Даңқ пен жиреніш: Черчилль туралы дастан, оның әулеті және блиц-шабуыл кезіндегі бағынбау, Эрик Ларсон. (The Splendid and the Vile: A Saga of Churchill, Family, and Defiance During the Blitz, by Erik Larson)

Кітап Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы. 1940-1941 жылдары Германия Англияны бомбаламақ болғанда, ағылшындар жертөлелер мен метро станцияларында түнеген.

Британиялықтар сезінген қорқыныш пен үрей біздің COVID-19 пандемиясы кезіндегі жағдайды еске түсіреді. Ларсон қарапайым азаматтардың өмірі сұрапыл соғыс кезінде қандай болғанын айқын суреттейді.

Сондай-ақ, Эрик Ларсон бұл кітапта дағдарыстан шыққан Уинстон Черчилль мен оның кеңесшілері сияқты бірнеше британ көшбасшыларының өмірін баяндайды.

  1. Тыңшы және сатқын: қырғи қабақ соғыстың ең ұлы тыңшылық хикаясы, авторы – Бен Макинтайр.(The Spy and the Traitor: The Greatest Espionage Story of the Cold War, by Ben Macintyre)

Бұл туындыда ағылшындарға агент болып жалданған КГБ офицері Олег Гордиевский мен оны сатқан америкалық Олдрих Эймс туралы баяндалады. Шығарманы жазуда автор тек батыс дереккөздеріне емес (оның ішінде автор Гордиевскийдің өзімен де сөйлескен), сонымен бірге орыс дереккөздеріне де сүйенген.

  1. Тұзбен тыныстау: генетикалық ауруды емдеу, ғылымдағы жаңа дәуір, дәрі-дәрмекті өзгерткен пациенттер мен отбасылар, авторы – Биджал П.Триведи (Breath from Salt: A Deadly Genetic Disease, a New Era in Science, and the Patients and Families Who Changed Medicine, by Bijal P. Trivedi)

Бұл кітап шынымен шабыттандырады. Мұнда керемет ғылыми жаңалықтардың тарихы және фиброзбен ауыратын науқастардың және олардың отбасыларының өмірін жақсартқан керемет ғылыми жаңалықтар туралы ақпарат берілген.

«Бұл кітап мен үшін ерекше маңызды, өйткені мен осы кітапта сипатталған жаңа дәрі-дәрмектерден пайда көрген отбасыларды білемін. Алдағы жылдары бізде бұндай кітаптар көп болады деп үміттенемін. Себебі, биомедицина жедел қарқынмен дамып келеді», – дейді Microsoft корпорациясының негізін қалаушы.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: