HALYQLINE.KZ Түркістанда 3×3 форматындағы баскетболдан 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті.
Жарысқа 15 команда қатысып, Қызылорда облысының командасы 42 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. Команда құрамында Руслан Кенбаев, Юрий Попандопуло, Абай Бақытбек жəне Ален Турехановтар өнер көрсетті. Жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясымен Юрий Попандопуло марапатталды.
Енді 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар 25-30 қараша аралығында Түркістанда баскетболдан жəне 11-13 желтоқсанда Алматыда 3х3 баскетболдан өтетін Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Команданы жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Александр Жавзмагин дайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!