HALYQLINE.KZ «Қайсар» футбол орталығында тәлім алатын 2002 жылғы жасөспірімдер бүгін соңғы жаттығуларын жүргізіп, орталықты тамамдады. Клуб директоры Серік Досманбетов шараға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі.
– Футбол орталығында 11 топ болса, соның арасында өзіндік қолтаңба қалдырған жас буынсыздар. Алаңда жақсы ойын көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңіздер. Енді алда үлкен мақсат тұр. Біріңіз аладопта жұлдыз болсаңыз, біріңіз өзге саланың мықты маманы болуларыңыз мүмкін. Біз барлығыңызға бірдей көзқараспен қарап, үлкен футболда кәсіби ойыншы болуға мүмкіндік жасаймыз. Барлықтарыңызды қаңтар айында «Қайсар U-21» командасына қаралымға шақырамыз, – деді Серік Құттыбайұлы.
Шара соңында түлектерге футбол орталығын бітіргенін растайтын диплом мен естілік сыйлық табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!