HALYQLINE.KZ Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
ХҚО арқылы:
— ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
— Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
— Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз. Мобильді топты шақырту арқылы:
— «1414» бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді. Сізге қажетті құжаттар:
— Жеке басыңыздың куәлігі;
— Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
— Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
— Мүгедектігі жайлы куәлік;
— Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
— Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты:
— Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде. Қызмет нәтижесі:
— Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!