Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаштық Жұрынбаев кәсібін қалай жүргізуде?

12.10.2020, 16:40 440

HALYQLINE.KZ Жалағашта мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік саласындағы біліктіліктерін арттырып, мал шаруашылығын кәсіпке айналдыра бастаған азаматтар қатары жылдан-жылға артып келеді. Оған дәлел ауданда мал басы көбейіп, ет-сүт өнімдерінің де көлемі ұлғаюда.

Жалағаш ауданының тұрғыны Әмірбек Жұрынбаев жастайынан мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан да малды күтіп-баптаудың жай-күйін жақсы біледі. Есік алдындағы азын-аулақ ірі қарасын көбейтіп, кәсіпке айналдырғысы келген ол Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мамандарынан кеңес алады. Осылайша Әмірбек өткен жылы «Бастау» жобасын тамамдап, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдікпен 2 млн.теңге несиеге қол жеткізеді. Оған 8 бас ірі қара сатып алып, кәсібін бастап кетеді.

«Мал шаруашылығымен айналысқаныма біраз болды. Ауылда тұрғандықтан кәсіптің тиімді түрі ретінде осы саланы таңдадым. Ойымды Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалындағы мамандармен талқылап, «Бастау» жобасы арқылы біліктілігімді жетілдіріп алдым. Ісімді жүргізуімен аймақтағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаржы ұйымы – Өңірлік инвестициялық орталығы жақсы қолдау болып отыр. Осылайша, сүт бағытындағы сиырларды алып, жұмыс істеудемін. Кәсібімді бастағаныма да бір жыл болды. Қазір сүтін сауып, құрт-май қылып, сатып, тіршілігімді жасап жатырмын», – дейді Әмірбек Жұрынбаев.

Бүгінде сүт бағытында шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкердің он бестен аса сиыры бар. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, аудан тұрғындарын табиғи өніммен қамтуды жоспарлауда.

Айта кетейік, Жалағаш ауданынан «Бастау» жобасы бойынша өткен жылы 380 адам оқып, 197 азаматтың жобасы қаржыландырылса, биылғы жылы 175 жалағаштық жоба аясынба білім алды. Аталмыш азаматтардың ішінде бүгінде 113-нің жобасы қаржыландырылып, кәсіптерін бастап кетті.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: