Біздің жігіттер Боратқа қарсы петиция ұйымдастырыпты. Әрине, елдің ықпалдасу, мемлекеттік патриотизм тұрғысынан дұрыс шығар. Бұл ниет еліміздің намысын қорғауға азаматтардың дайын екендігін көрсетеді.
Дегенмен, Боратқа қарсы күрестің ең оңтайлы формасы – елімізде әлеуметтік модернизация өткізіп, халықтың әл-ауқатын көтеріп, жастарға жол беру.
Халқымыз интеллектуалды тұрғыда жоғары болып, әлеуметтік жағдайы кемелденген шақта «боратизм»-нің фундаменті жойылады.
Бірақ, Борат феномені «батыс» мәдениетінің шығысқа, оның ішінде, Орталық Азия елдеріне шовинистік көзқарас бар екендігін көрсетеді.
Яғни, «төзімді», «толерантты» көрінгісі келетін батыстың нақты бетпердесі мүлдемге бөлек, басқа мәдениетті менсінбеу, жоғарыдан қарау тенденциясы бар.
Біздің ішімізде де «боратизмнің» кейбір элементтері бар екендігі өтірік емес.
Бораттың өзімен күресе отырып, өзіміздің кемшілікке де назар аударған дұрыс…
Ерлан Саиров,
саясаттанушы.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!