Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда жоғары көрсеткішке ие болды

18.08.2020, 15:30 488

HALYQLINE.KZ Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере, ағымдағы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын.

Бүгінге 743 мың адам сол шараларға тартылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына қатысуға 379 мың адам ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие және 17 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылды.

  • Қысқа мерзімдік оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық кәсіптік оқуға жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс таба алды, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі Үкімет отырысында.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 800 шағын несие алған қазақстандық қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын ашты. Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие.

17 мыңнан астам берілген гранттардың 51% аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы жұмыссыздарға бағытталды. Бұл бағытта Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізіп қалды, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы 80% астам орындауда», – деді еңбекмині.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 6 400 жуық жоба іске асырылуда. Жобаларда 154 мың адам жұмыс жасауда. Оның ішінде 73% – ауылдық елді мекендерде, 37% – жұмыссыз жүрген жастар, 17% – кешегі бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар және 9% – аз қамтылған отбасылар мүшесі.

Құрылыс, және жөндеу жұмыстарына ұлттық кәсіпорындардің кемінде 90% тарту талабы сақталуда. Ағымдағы жағдайға баға беретін болсақ, жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд теңгеге жуық қаражат еңбекақы мақсаттарына жұмсалды, отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді. Өңірлерді бағалауға келсек, ақпараттық жүйе негізінде мониторинг бойынша Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда жоғары көрсеткіштерге ие.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: