Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас электриктер өзара бақ сынады

13.11.2026, 17:55 50

HALYQLINE.KZ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің базасында жас электриктер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Байқауға 8 жас маман қатысып, өзара теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынады. Қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби біліктіліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Ж.Сәрікбай жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар тарапынан 150 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: