Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы жоғары колледжінде жас тігіншілер арасында кәсіби байқау өткізілді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Байқаудың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жастардың тігіншілік кәсібіне деген қызығушылығын арттыру және кәсіби шеберліктерін шыңдау.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған Нұрай Еркеш ұйымдастырушылар тарапынан 150 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!