Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атыстан 11 полиция қызметкері көз жұмды

12.11.2026, 10:40 38

HALYQLINE.KZ

ПӘКІСТАН. Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат аймағында жасалған шабуыл салдарынан полицияның 11 қызметкері қаза тапты. Бұл туралы құтқару тобының өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 11 қараша күні болған. Хайбер-Пахтунхва провинциясы Ауғанстанмен шекарада орналасқан.

The Express Tribune газеті шабуыл жасағандар заңсыз алтын өндірудің жолын кесу рейдіне бара жатқан полицейлерге оқ жаудырғанын мәлімдеді. Салдарынан атыс басталған. Оқиға орнына қосымша күштер келіп, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Бұл ретте Анадолы агенттігі оқиға салдарынан тағы 12 адамның зардап шеккенін жазды. ACLED халықаралық мониторинг ұйымының дерегінше, соңғы жылдары Пәкістандағы лаңкестік шабуылдар саны төрт есеге жуық өскен. 2022 жылы 658 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 425-ке жеткен.

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: