Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тергеу изоляторына ақша өткізбек болған азамат ұсталды

20.10.2026, 10:40 64

Інісіне сәлемдеме әкелген азамат тыйым салынған ақшаны мекемеге жасырын алып кірмек болған.

Қызылорда облысында тергеу изоляторына ақша жасырын өткізбек болған азамат анықталды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде қамауда отырған інісіне сәлем-сауқат әкелген азамат ақшаны қалтасына жасырып, бақылау-өткізу бекетінен алып өтпек болған. Алайда мекеме қызметкерлері тексеру барысында оның қалтасынан ақшаны тауып, заңсыз әрекеттің жолын кесті.

Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделіп, соттың қарауына жолданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тыйым салынған заттардың ішке өткізілуіне жол бермеу мақсатында бақылау және тексеру шаралары тұрақты жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: