Бүгін Қазалы ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан орталығы Әйтеке би кентінде өткен сенбілікте С.Мұқанов, Мағзаман әулие, Ж.Аймауытов және Желтоқсан көшелерінде қоқыстарды тазалау, бей-берекет өскен шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Тазалық іс-шарасына 148 мекемеден 2 633 адам және 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 20,5 тонна қоқыс шығарылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Мұндай іс-шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!