Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық құтқарушылар — жарыс жеңімпазы

16.10.2026, 11:30 62

19 қазан – Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті.

Аталған сайыста Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс құтқарушылардың күнделікті қызметтегі шыңдалған шеберлігінің, табандылығының, ұйымшылдығы мен командалық бірлігінің айқын көрінісі. Өрт сөндіру-құтқару спорты күш-қуатты ғана емес, шапшаңдықты, ептілікті, төзімділік пен әр секундтың қадірін білуді талап етеді. Осы қасиеттерді бойына жинаған аралдық құтқарушылар облыстық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.

Құтқарушы қай кезде де адам өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен жоғары қоятын, қиын сәтте көмекке келуге дайын тұратын батылдық пен жауапкершіліктің иесі. Олардың күнделікті қызметі ерлікке, төзім мен табандылыққа негізделген. Сондықтан ел тыныштығы мен тұрғындар қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: