Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі халық қалаулыларын қабылдады

16.10.2026, 0:29 27

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарымен кездесті.
Жиында қала әкімі халық қалаулыларына атқарған жұмыстары мен қоғам үшін жасап жатқан игіліктері және белсенділіктері үшін ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар депутатқа облыс әкімінің алғыс хатын, «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын» табыстады.

Кездесуде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шаменов, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев, 1994-2007 жылдары қалалық мәслихаттың төрағасы болған Қожахмет Ілиясов және қалалық мәслихаттың VIII шақырылым төрағасы қызметін атқарған Ибадулла Құттықожаев сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, осы жылдың 12-ші қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: