2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Халық» газеті» ЖШС өзіне қарасты республикалық «Халық» газеті мен Halyqline.kz ақпарат агенттігінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың құны, шарттары мен тәртібін хабарлайды.
«Халық» газетінде үгіт материалдарын орналастыру құны
Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газеті 2000 жылдың 21 шілдесінен бастап жарық көріп келеді. Басылым қазақ және орыс тілдерінде таралады.
Газеттің форматы – D2. Бірінші және соңғы беттері түрлі-түсті болып басылады. Газет аптасына бір рет, бейсенбі күні шығады.
Таралымы – 5055 дана.
Газетте сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың 1 шаршы сантиметрге белгіленген құны (ҚҚС қоса есептегенде):
- Бірінші түрлі-түсті бетте – 300 теңге;
- Ішкі беттерде – 150 теңге;
- Соңғы түрлі-түсті бетте – 200 теңге.
Halyqline.kz ақпарат агенттігінде үгіт материалдарын орналастыру құны
1. Мақала жариялау:
Пробелдерді қоса есептегенде 3000 таңбаға дейінгі мақала мен 3 фотосуретке дейін орналастыру құны – 10 000 теңге.
- Әрбір қосымша таңба үшін – 15 теңге;
- Әрбір қосымша фотосурет үшін – 200 теңге.
2. Жарнамалық баннер орналастыру:
| Баннер өлшемі | 1 күн | 1 апта |
|---|---|---|
| 200 × 1070 px | 4 000 теңге | 28 000 теңге |
| 200 × 600 px | 3 200 теңге | 22 400 теңге |
Көрсетілген бағалардың барлығына ҚҚС енгізілген.
Төлем тәртібі мен өтініштерді қабылдау
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін төлем жасалған келісімшартқа және газет меншік иесі ұсынған төлем шотына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады.
Мекенжай: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4А, Т. Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің 3-қабаты.
Байланыс телефоны: 8 (7242) 70-84-08
Электрондық пошта: halyk-gazeti@mail.ru
«Халық» газеті» ЖШС әкімшілігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!