Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаламыз инновациялық идеялар мен серпінді жобалардың орталығына айналды – Ахатов

09.10.2026, 15:10 27

HALYQLINE.KZ

Қадірлі қызылордалықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды тарихы терең, келешегі кемел, рухы биік шежірелі шаһарымыздың төл мерекесі – Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын бұл мейрам әр азаматтың, әр отбасының сүйікті қаласына деген құрметін, ыстық ықыласын қалыптастырады. Жылдан-жылға қасиетті мекен – Қызылордамыз кешенді түрде көркейіп, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған байыпты бастамаларымыз берекелі жемісін беруде.

Қазір қаламыз инновациялық идеялар мен серпінді жобалардың орталығына айналды. Тұрақты тазалықтың айнасы атанып, оң өзгерістердің жарқын үлгісімен дараланды.

Шаһарымыздағы әрбір еңбек адамы – құрметке лайық. Сондықтан ортақ мекенімізді орнықты дамытудағы ерен еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.

Ұлт руханиятының алтын бесігіне айналған шырайлы шаһарымыз өрлей берсін.

Баршаңызды тағы да Қала күнімен құттықтаймын.

Еліміз аман, әр күніміз берекелі болсын!

Нұржан АХАТОВ,

Қызылорда қаласының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: