Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Месси Аргентина құрамасындағы мансабын ресми түрде аяқтады

01.09.2026, 9:55 30

HALYQLINE.KZ

Әлем чемпионы бұл шешімін әлеуметтік желідегі әсерлі жазбасы арқылы жариялады, деп жазады penalty.kz.

ЖАНКҮЙЕРЛЕРМЕН  ҚОШТАСУ

Аргентиналық футболшы шешімді ұзақ ойланғаннан кейін қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, ұлттық құрамамен қоштасу өзіне өте ауыр тиген, бірақ мансаптың осы кезеңін аяқтайтын уақыт жеткен.

«Бұл шешім жанымды ауыртты және әлі де ауыртады. Бірақ кететін уақыт келгенін түсінемін. Осы жейде үшін әрқашан барымды салдым. Аргентина халқына қуаныш сыйлап, футбол арқылы елін мақтан тұтуына көмектескім келді», — деп жазды Месси.

Ол ұлттық құрамадағы орнын алуға лайық талантты жас футболшылар өсіп келе жатқанын да атап өтті.

«ЕНДІ СЕНДЕРДІҢ АРАЛАРЫҢДА БОЛАМЫН»

Месси Аргентина құрамасы сапында өткізген 20 жыл ішінде қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді. Енді ол ұлттық команданың ойынын алаң сыртынан бақылап, қуанышты да, қиын сәттерде де қолдайтынын жеткізді.

Футболшы отбасы мүшелеріне, бапкерлеріне, командаластарына және Аргентина футболы басшыларына ризашылығын білдірді.

«Мен тыныш көңілмен әрі мақтанышпен кетіп барамын. Командаластарыммен бірге сіздерге ұмытылмас сәттер сыйлай алғанымызға қуаныштымын. Құрамада ойнағанды әрдайым жақсы көрдім және жақсы көре беремін. Құдайға мені аргентиналық етіп жаратқаны үшін раҚмет», — деді шабуылшы.

Нұрдаулет  КЕҢЕС.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: