Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицей қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

24.08.2026, 11:45 44

HALYQLINE.KZ

Әзербайжан астанасы Баку қаласында 22-23 тамыз күндері қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионаты өтті, деп жазады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Байрақты бәсеке заманауи «Baku Sports Palace» спорт кешенінде ұйымдастырылды. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, дүбірлі додаға әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден астам балуан қатысты.

Екі күнге созылған жарыста ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.

90 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері, полиция аға лейтенанты Еңбек Сақтағанов жүлделі III орынға ие болып, қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: