Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды

17.08.2026, 0:31 46

2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Осыған орай Қазалы ауданында сайлауды ұйымдастыру және өткізу бағытында тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан халқының саны – 78 304 адам. Оның ішінде Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны 47 515 адамды құрайды.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбаймен бірге Қарашеңгел, Құмжиек, Басықара, Ғани Мұратбаев, Көларық, Арықбалық ауылдық округтері мен Қазалы қаласындағы №17 мектепте орналасқан №83, №82, №81, №64, №78, №70 және №67 сайлау учаскелерінің дайындығын көрді.

Аудан басшысы сайлау учаскелеріндегі жұмыстардың ұйымдастырылу барысымен танысып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне саяси науқанның заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асыруына қажетті жағдайлардың толық қамтамасыз етілуі маңызды екеніне назар аударды.

Қазалы ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: