Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бәсекелестікті дамыту жұмыстары күшейтілді

12.08.2026, 17:15 64

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында бәсекелестікті қорғау және дамыту бағытында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бірқатар шара атқарылды. Негізгі мақсат – бәсекелестік заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және нарықтағы кедергілерді азайту.

Есепті кезеңде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 3 хабарлама және 21 нұсқама шығарды. Хабарламалардың барлығы толық орындалса, 19 нұсқама белгіленген мерзімде орындалды. Сондай-ақ 8 тауар нарығына талдау жүргізіліп, азаматтар мен кәсіпкерлердің 35 өтініші қаралды.

«Тауар нарықтарын зерделеу барысында метрологиялық жабдықтарды тексеру және тауарлық газды бөлшек саудада өткізу салаларында монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданды. Кәсіпкерлердің нарыққа еркін кіруіне кедергі келтіретін мәселелерді шешу мақсатында Кедергілер жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізілді. 2020–2026 жылдар аралығында кәсіпкерлер көтерген 62 проблемалық мәселе қаралып, тиісті ұсыныстар уәкілетті органға жолданды. Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңнама талаптарының сақталуына қатысты бірқатар бұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде нұсқамалар берілді», — деді департамент басшысы Дамир Тоқжанов.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесі кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде зерделеп, оларды шешуге нақты ұсыныстар әзірлейді. Қажет болған жағдайда мәселелер жергілікті деңгейде қаралып, ал заңнамаға өзгеріс енгізуді талап ететін ұсыныстар Агенттікке жолданып, Ұлттық кедергілер картасына енгізіледі.

«2020 жылдың соңынан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Қызылорда облысы бойынша Кеңес 62 проблемалық мәселені қарады. Оның ішінде 2026 жылдың алғашқы алты айында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, сараптамалық ұйымдар, өлшеу құралдарын тексеру, сұйытылған мұнай газын тарату және мемлекеттік сатып алу салалары бойынша 6 мәселе талқыланды. Қазіргі уақытта ұлттық деңгейде шешуді қажет ететін 35 кедергі бар. Оның ішінде Қызылорда облыстық кеңесі ұсынған 2 мәселе республикалық деңгейде қаралып, шешу жұмыстары жүргізілуде», — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің төрағасы Эрик Теңізбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: