Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметтердің 70%-ы eGov GPT арқылы көрсетіледі

11.08.2026, 12:00 52

Қазақстанда eGov GPT интеллектуалды цифрлық ассистентінің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің шамамен 70%-ын осы жүйе арқылы қолжетімді ету жоспарланған.

Биыл сәуір айында іске қосылған сервис азаматтың жазған өтінішін немесе өмірлік жағдайын түсініп, соған сәйкес қажетті қызметті ұсынады. Пайдаланушыға керекті нысандар мен анықтамаларды жеке іздеудің қажеті болмайды.

«Бүгінде eGov GPT-де жалпы трафиктің шамамен 30%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Азаматтар eGov GPT мүмкіндіктерін 150 мыңнан астам рет қолданып үлгерді. Ол мемлекет пен азаматтар арасындағы барлық мәселелер бойынша әмбебап AI-ассистентке айналуы тиіс», — деді Премьер-министрдің орынбасары әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Электрондық үкіметті дамыту және жасанды интеллектіні енгізу нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: