Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметтер жасанды интеллект дәуіріне қадам басты

11.08.2026, 11:00 57

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика мен қоғам өмірін цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау және жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік қызметтер экожүйесін қалыптастыру барысы талқыланды.

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы аясында мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ бизнес өкілдерінің өзара байланысын одан әрі цифрландыру көзделіп отыр. Мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі қолжетімді етуге басымдық беріледі.

«Мемлекет басшысы еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанын әрдайым атап өтуде. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бастапқы қадамға айналды. Биыл маусым айында Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Онда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында стратегияда белгіленген міндеттердің орындалу барысы мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу жолдары да қаралады. Цифрлық шешімдер азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысын жеңілдетіп, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: