Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет басшысы Президентке алғашқы жартыжылдық бойынша есеп берді

13.07.2026, 15:00 54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен экономиканы әртараптандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдады, деп жазады halyqline.kz.

Кездесу барысында Үкімет басшысы биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ел экономикасында оң өсім сақталғанын баяндады. Атап айтқанда, жалпы ішкі өнім көлемі 4,1 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында тұрақты өсім тіркелген. Сонымен қатар негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 трлн теңгеге жеткен. Үкіметтің мәліметінше, биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы саны 200 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Премьер-министр Президентке елімізде жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалардың барысы туралы да ақпарат берді. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, цифрландыру, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қамтылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына инфляция деңгейін төмендету, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жөнінде баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ Президент Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу бағдарламасын сапалы іске асыруды міндеттеді. Әсіресе, заманауи денсаулық сақтау нысандарын салу мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: