Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Корея республикасының Бас консулымен кездесті

09.07.2026, 0:14 32

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Еркін Турабаев Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, корей ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында Еркін Ермағанбетұлы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті.

  • Қазақстан мен Корея мемлекеттері көптеген жылдар бойы ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктестер. Өңірде тұратын корей этносының өкілдері де екі ел арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы әріптестікті одан әрі дамытуға берік негіз бен кең мүмкіндіктер қалыптасқан. Осы орайда, сапарларыңызды біз үшін үлкен құрмет деп қабылдаймыз. Бұл кездесу екі ел арасындағы, сондай-ақ Қызылорда өңірі мен Корея Республикасы арасындағы достық байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың нығая түскенінің жарқын көрінісі деп білеміз, — деді қала әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде Кореяның Бас консулы Ха Тэ Ук кездесудің маңыздылығына тоқталып, өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: