Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ өкілдері арасында облыстық турнир өтті

05.07.2026, 23:14 37

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында Арал ауданына қарасты Аққұмшық жағажайында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жағажай футболынан облыстық турнир ұйымдастырылды.

БАҚ саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік байланысты нығайту және кәсіби мерекені лайықты атап өту мақсатында ұйымдастырылған тартысқа толы додаға облыстың әр өңірінен келген 5 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Қызықты әрі тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша І орын «Меншікті тілшілер» командасына бұйырса, ІІ орынды «Qyzylorda» телеарнасы командасы еншіледі. Ал жүлделі ІІІ орын жергілікті «Толқын» командасына бұйырды.

Тартысты турнирге куә болған аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев өрнекті ойын үлгісін көрсеткен жеңімпаз командаларды құттықтап, арнайы дипломдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Сонымен қатар, жарыс барысында жоғары ойын өрнегін көрсетіп, ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Спорттық шара достық пен ұйымшылдықтың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісіне айналып, қатысушыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: