Бүгін Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының мамандары, кәсіпкерлер, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенді тұрғындар қатысты.
Акция барысында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысушыларға алғыс білдіріп, туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудан прокуроры Дарын Әбіш сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Қарқынды бастау алған экологиялық акцияға аудан әкімі бастаған қатысушылар қаланың шеткі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Ауқымды сенбілік жұмыстары аясында қала көшелері мен қоғамдық орындар, мекеме мен кәсіпкерлік нысандардың аумағы қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы техниканың көмегімен тиісті қоқыс алаңдарына жеткізілді.
Таза қала – өзімізден басталады! Бірлігіміз бекем, табиғатымыз таза болсын!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!