Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен Сырдария Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан ардагерлеріне қасиетті Түркістан қаласына танымдық-рухани саяхат ұйымдастырылды.
Сапар барысында ардагерлер түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістанның тарихи-мәдени орындарын аралап, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Сонымен қатар, өңірдің көрікті орындарымен танысып, Яссауи музейі барып рухани әсерге бөленді.
Бұл игі шараның басты мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және аға буынның өмірлік тәжірибесін дәріптеу.
Ардагерлер игі бастаманы жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасуына тілектестік танытты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!