Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Актив отырысы өтті

02.07.2026, 9:30 59

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуіне орай қала активінің отырысы өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Оған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мекеме басшылары мен белсенді жастар қатысты.

Жиында жаңа Конституцияның еліміздің құқықтық жүйесін жетілдірудегі, заң үстемдігін нығайтудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы тарихи маңызы кеңінен сөз болды.

«Бүгін тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Баршаңызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған Жаңа Қазақстанның жаңа кезеңіне қадам басуымен құттықтаймын!

Жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің саяси және құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған», — деді Нұржан Сәбитұлы.

Басқосуда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, Қызылорда облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаты болған ақын Шаһизада Әбдікәрімов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас және Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Анар Ізден сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның елдің демократиялық дамуына, азаматтық қоғамды нығайтуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосатын үлесіне қатысты пікірлерімен бөлісті.

Жиын қорытындысында Президент айқындаған басым бағыттарды іске асыру, жаңа Конституцияның қағидаттарын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамалары аясындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру жөнінде нақты міндеттер белгіленді.

Сондай-ақ, мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскен спикерлерге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы кітабы табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: