Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада дауылдан кейін электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

29.06.2026, 15:40 54

Мамандар үзілген электр сымдарын қалпына келтіріп, құлаған бағаналарды қайта орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде болған қатты дауыл бірнеше тұрғын үйге зиянын тигізді. Табиғат құбылысы салдарынан бірқатар үйлердің шатыры ұшып, электр желілері зақымданды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның авариялық бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандар үзілген электр сымдарын қалпына келтіріп, құлаған бағаналарды қайта орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дауыл кезінде мешіт мұнарасының электр желілеріне қауіп төндіруі жағдайды күрделендірген. Осыған байланысты барлық қалпына келтіру жұмыстары қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып атқарылуда.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Русланұлы оқиға орнына барып, жедел штабтың жұмысын жеке бақылауына алды. Электр энергиясы барлық қауіпсіздік талаптары толық орындалғаннан кейін кезең-кезеңімен қайта қосылады, — делінген жауапта.

Фото: видеодан алынған кадр

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: