Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

19.06.2026, 17:25 69

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Ақмарал Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты.

Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды.

Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті.

Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, ерекшеліктері мен қамтылған тақырыптары туралы айтты. Қатысушыларға кітапты сыйға тартты.

«Жүректегі жапырақта» қоғам, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар мен өмір туралы толғаныстар топтастырылған. Автордың өмірден түйген ойлары, замандастары туралы жазбалары мен рухани тақырыптағы эсселері қамтылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: