Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұрат Ергешбаевтың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

13.05.2026, 11:25 73

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

  • – Қазақстан Президентінің 2026 жылғы 8 мамырдағы Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Нәлқожаұлы Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы М.Ергешбаевтың өкілеттін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізіп отыр, — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылданды.

Атап айтқанда, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Еске салсақ, 2023 жылғы наурыздан бастап ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты болып, AMANAT партиясы партиялық тізімі бойынша сайланған.

Фото: Мәжіліс

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: