Байқоңырдан ұшырылған «Союз» зымыранының суреті NASA нұсқасы бойынша жылдың ең үздік ғарыштық фотоларының қатарына енді. Бұл кадр агенттіктің арнайы сыйлығына ие болды.
Фотода не көрінеді?
NASA Instagram-дағы парақшасында 2025 жылдың сәуір айында Байқоңырда түсірілген «Союз» зымыранының суретін жариялады. Фотограф «балық көзі» (fish-eye) типті объективті пайдаланған. Соның әсерінен ұшыру алаңы мен зымыран ғылыми фантастикадағы кадрға ұқсаған.
– Үш күннен кейін «Союз» NASA астронавты Джонни Ким мен екі космонавтты ХҒС бортындағы сегіз айлық миссия үшін төменгі жер маңы орбитасына аттандырды, — делінген жарияланымда.
NASA мәліметінше, бұл фотосурет агенттіктің «Жыл фотографы — 2025» атты арнайы сыйлығымен марапатталды.
Миссия туралы не белгілі?
2025 жылғы 8 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-27» кемесі ұшырылды. Экипаж құрамына «Роскосмос» космонавты Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA астронавты Джонни Ким кірді.
Олар ХҒС бортында сегіз айға жуық уақыт өткізіп, желтоқсан айында Жерге аман-есен оралды. Ғарышта болған 245 күн ішінде экипаж Жерді 3920 рет айналып өтіп, шамамен 167 миллион шақырым қашықтықты бағындырды.
Экипаж ХҒС-да немен айналысты?
NASA-ның ақпараты бойынша, астронавт Джонни Ким сегіз айлық миссиясы барысында болашақтың медициналық технологияларымен жұмыс істеді.
Миссия кезінде ол тамырларды биобасып шығару (биопечать), медицинаға арналған наноматериалдар және тіндерді қалпына келтіру технологияларын сынақтан өткізді. Бұдан бөлек, Ким болашақта Айға және басқа ғаламшарларға жіберілетін миссияларда қолданылуы мүмкін ғарыштық роботтандырылған жүйелерді сынауға қатысты.
Сонымен қатар, ресейлік космонавтар ашық ғарышта эксперименттер жүргізді. Соның бірі салмақсыздық жағдайында кристалдар өсірумен байланысты болды. БАҚ мәліметінше, мұндай материалдар күн батареялары мен жаңа буын электроникасын жасау үшін қажет болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін соңғы 50 жылдағы ең үлкен ғарыш фотоархиві
Фото: NASA
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!