Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мамырда қазақстандықтар сирек құбылысты көре алады

10.05.2026, 13:50 62

Мамыр айында қазақстандықтар бір айда екі рет толған Айды тамашалай алады. Tengri Life дерегінше, алғашқы толған Ай мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні болған, ал екіншісі 31 мамырда көрінеді. Ғалымдар мұны сирек кездесетін астрономиялық құбылыс деп түсіндіреді.  

Айдың толуы шамамен 29,5 тәулік сайын қайталанады. Сондықтан 31 күні бар айларда екі толық Айдың бір айға сыйып кетуі мүмкін. Бұған дейін мұндай құбылыс 2023 жылдың тамызында байқалған, келесі жолы 2028 жылдың желтоқсанында қайталанады.  

Астрономдар толған Айды көру үшін шығыс жаққа ашық көрініс керек екенін айтады. Күн батқан тұсты тауып, одан 180 градусқа бұрылса, Ай аспанның қарама-қарсы жағынан көрінеді. Көктемнің соңы мен жаз мезгілінде Ай көкжиектен аса жоғары көтерілмейді, сондықтан ағаштар мен ғимараттар көріністі қалқаламағаны дұрыс.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: