Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кім өзін…

25.04.2026, 13:40 58

HALYQLINE.KZ

— Кім өзін көп мақтаса, онда шындық жоқ.

— Кім өзін тым қорғаштаса, онда қайрат жоқ.

— Кім өзін жоғары қойса, оған сенім жоқ.

— Кім үнемі өсекпен күн кешсе, онда білім жоқ.

— Кім ылғи өзгелерді жамандаса, онда тәрбие (кемелдік) жоқ.

ТҮЙІН:

— Өзін өзгеден артық санаған адам құлдырау жолында.

— Өзгені әлсіз деп кемсіткен адам құру жолында.

— Өзіне табынған адамда бос мақтан мен көреалмаушылық көп.

— Өзін дәріптеген адамда кесір мен зиян көп.

— Өзінен басқаны ойламайтын жан хайуанмен тең.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: islamdag.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: