Биыл Жаңақорған ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және елді мекендердің ішкі жолдарының сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыс жоспарланған. Осыған орай, аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кентіндегі А.Иманов, А.Мұхамеджанұлы көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және Ш.Мұсахметов, Ж.Құлымбетов көшелеріндегі жол жабынын жаңалау жұмыстарының барысын бақылады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдеріне жол құрылысының сапасына ерекше мән беруді және барлық жұмысты белгіленген кестеге сәйкес уақытылы аяқтауды қатаң тапсырды.
Салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев пен кент әкімі Жасұлан Бейсенбековке атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті бақылауда ұстап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!