Бүгінгі күн – Сыр өңірінің шежіресіне алтын әріппен жазылар айрықша тарихи сәт.
1985 жылы іргесі қаланып, ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан, мемлекет қорғауындағы тарихи мәдени ошақ – Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының капсулася салынды.
Маңызды шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы мен зиялы қауым өкілдері және мәдениет қызметкерлері қатысты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, ІІ дәрежелі “БАРЫС” және “Құрмет” ордендерінің иегері, режиссер Хұсейн Әмір-Темір ізгі тілегін білдіріп, ақ батасын берді.
Аталған игі бастама Сыр өңіріндегі рухани құндылықтарды жаңғыртып, өнер мен мәдениеттің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Жаңа театр ғимараты келешекте шығармашылық ұжымның өркендеуіне, көрермен қауымға сапалы өнер ұсынуға кең мүмкіндік ашады.
Сыр елінде қаланып жатқан бұл іргетас – болашаққа деген сенімнің, мәдениетке деген құрметтің, руханиятқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!