Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі күшейді

17.04.2026, 11:30 101

Бүгін Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты төтенше жағдайлар қызметі ескерту жасады. Синоптиктердің болжамынша, қалада қатты жел соғып, мол жауын-шашын түсіп, найзағай болуы мүмкін.

Осыған байланысты Медеу және Бостандық аудандарының таулы аумақтарында топырақ көшкіні, қар көшкіні және тас құлау қаупі артады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына ауа райы толық тұрақталғанға дейін тауға бармауға кеңес беріп отыр. Сондай-ақ жауын-шашын тоқтағаннан кейін де 2–3 күн бойы таулы жерлерге шықпау қажеттігі ескертілді.

ТЖД өкілдері мұндай кезеңде таулы аймақтарда жүру адам өміріне қауіпті екенін айтып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: