Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірістері жоспардан асты

08.04.2026, 9:40 59

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірістері жоспарлы межеден жоғары орындалды. Нақты айтқанда, бюджет 104,4 пайызға орындалған.

Осы кезеңге 6,2 трлн теңге түседі деп жоспарланғанымен, іс жүзінде бюджетке 6,4 трлн теңге түскен. Соның нәтижесінде жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды. Ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені немесе 16,9 пайызды құрады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің де кірістері жоспарланған деңгейден жоғары қалыптасты.

Мамандар мұндай өсімді бірқатар фактормен байланыстырады. Атап айтқанда, Қазақстан экспорттайтын тауарлар бағасының өсуі, тауарлар мен қызмет көрсету көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімді жүргізілуі бюджет түсімдерінің ұлғаюына әсер еткен.

Фото: astanatv.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: