Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандағы көмір қорының көлемі 33 млрд тоннадан асады

07.04.2026, 10:50 72

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір саласының қазіргі жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады.

Ол Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан көмір кенінің қомақты қорына ие және әлемде 10-шы орында тұр, бұл өндірудің қазіргі көлемімен алғанда 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

«Ірі көмір кен орындары Орталық Қазақстанның екі негізгі аймағында орналасқан. Олар – Қарағанды көмір бассейні мен Торғай көмір бассейніндегі Шұбаркөл және Жалын кен орындары. Солтүстік-шығыс аймақта Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны бар. Еліміздегі көмір қорының көлемі – 33,6 млрд тонна», — деді Ерлан Ақкенженов.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: